Солтүстік Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Басшылық

Дышкант Наталья ГеннадьевнаБасшы — Дышкант Наталья Геннадьевна, тел.: 46-52-67.

Дышкант Наталья Геннадьевна (1970 ж. 15.10 т.к., Көкшетау облысы Куйбышев ауданы Червонное а.).

1989 жылы Целиноград қаржы-экономикалық техникумын; 2004 жылы қаржы және несие мамандығы бойынша Көкшетау экономика және менеджмент институтын бітірді.

Техникумды бітіргеннен кейін 1989 жылдан 2014 жылға дейін Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның қаржы бөлімінде жұмыс істеді.

Лауазымдарында жұмыс істеді: штаттық инспектор, бас бухгалтердің орынбасары, жетекші маман, бас маман, бастықтың орынбасары, бөлім басшысы.

2015 жылғы сәуірден бастап 2019 жылғы 22 маусымға дейін – қаржы басқармасы басшысының орынбасары.

2019 жылғы 22 маусымнан бастап Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай мерейтойлық медальмен марапатталды.

Төлепенова Ләтипа Кәкімқызы Орынбасар — Төлепенова Ләтипа Кәкiмқызы, тел.: 8-(7152)-465334

1971 ж. 21.01. Солтүстiк Қазақстан облысы М.Жұмабаев ауданы Аралағаш а. туған.

1993 жылы Қазақ мемлекеттiк басқару академиясын азық-түлiк тауарлары нарығында коммерциялық қызмет мамандығы бойынша, 2011 жылы Көкшетау гуманитарлық-экономикалық университетiн қаржы және кредит мамандығы бойынша тәмамдады.

Облыстың қаржы жүйесiнде 1993 жылдан жұмыс iстейдi.

Мынадай лауазымдарда жұмыс iстедi: бас маман, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтiк қорғау мекемелерiнiң шығыстарын бюджеттiк жоспарлау бөлiмiнiң басшысы.

Қазiргi уақытта қаржы басқармасы басшысының орынбасары лауазымында жұмыс iстейдi.

«Үздiк мемлекеттiк қызметшi» төсбелгiсiмен марапатталды.

Қаржы басқармасы басшылығының жеке мәселелер жөнiнде азаматтарды қабылдау кестесi

Дышкант Наталья Геннадьевна — қаржы басқармасының басшысы:
Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы к., 58, 618 бөлме, жұма сағат 15-тен 17-ге.

қаржы басқармасы басшысының орынбасары
Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы к. 58, 616 бөлме, бейсенбi сағат 15-тен 17-ге дейiн;

Төлепенова Ләтипа Кәкімқызы — қаржы басқармасы басшысының орынбасары:
Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы к. 58, 627 бөлме, сәрсенбi сағат 15-тен 17-ге дейiн.

қаржы басқармасы басшысының орынбасары: 
Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы көшесi, 58-үй, 718-кабинет, сейсенбi сағат 15.00-ден 17.00-ге дейiн

Сенiм телефоны: + 7 7152 46-82-89

Мақаланың шыққан күні: 17.05.2018 12:18

Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.08.2019 17:25

Басқарма басшысы
Дышкант Наталья Геннадьевна

Подать резюме

Қыркүйек 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 Солтүстік Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы

A- A A+