Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Басқарма қызметі || Мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік қызметтер

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасының 2016 жылғы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есеп

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі — Мекеме) Солтүстік Қазақстан облысының бюджеттік жоспарлау және облыстық бюджетті атқару, мемлекеттік сатып алу, облыстық коммуналдық меншікті және облыстың бюджеттік ақшасын басқару саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру аясында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

«Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі №1103 Қаулысына, «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі — Стандарт) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №285 бұйрығына және «Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентiн бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы №486 қаулысына сәйкес Басқарма «Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы» — мемлекеттік көрсетілетін қызметті жүзеге асырады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны — қағаз түрінде.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі — мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандартына қосымшаға сәйкес сыйға тарту шарты және мүліктік қабылдау-беру актісі (табыстау актісі).

Басқарма 2016 жылы 9 жеке және заңды тұлғаға мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетті.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратты http://df.sko.gov.kz интернет ресурсынан алуға болады.

2016 жылы қызмет алушылардан мемлекеттік қызметтің көрсетілу мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету бойынша қызмет алушылардан шағым «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ кеңсесінде, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» КММ кеңсесінде Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі, 58 мекенжайы бойынша қабылданады.

«Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Zip (143 Kb)

«Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлiк құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi Zip (117 Kb)

Мемлекеттiк мүлiктi есепке алу саласында мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы Zip (59 Kb)

18.10.2017 19:15

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімМЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІК ТІЗІЛІМІ«Рухани жаңғыру» бағдарламасы
Яндекс.Метрика