Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қарама-қарсы байланыс || Конкурс

Конкурс

СҚО әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы бiлiм бөлiмiнiң басшысы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына (санаты D-О-3) орналасуға әңгiмелесуге жiберiлген үмiткерлердiң тiзiмi

  1. Жұмажанов Нұрлан Серғалиұлы

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы конкурстық комиссиясының шешiмi
(2017 жылғы 16 қазандағы №1 хаттама)

Әңгiмелесудi өткiзу кестесi

№№ Күні Уақыты Орны
  2017 ж. 17 қазан 15.00 «СҚО әкімдігінің қаржы басқармасы» КММ 614 кабинет

12.10.2017 ж.

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» КММ

«Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:

1. Нақты сектор бөлімінің бас маманы (1 бірлік) .

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер санаты D-О-4

Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 83282,08 теңгеден 112430,81 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

жергілікті бюджеттерді жоспарлауға қатысу, бюджетті бекітуге және нақтылауға материалдар дайындау; облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған бюджеттік өтінімдерді қарау, облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша бюджеттік өтінімдерді тексеру жөнінде қорытындылар дайындау; жоғарыда көрсетілген басқарманың қаржыландыру жоспарларын қарау және келісу; республикалық бюджеттен тиісті қаржы жылына бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді, нысаналы даму трансферттері мен кредиттерді іске асыру мониторингісінің нәтижелері туралы есептер құру, бюджеттік мониторинг жүргізу; бюджеттің мониторинг нәтижелері бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы аналитикалық есеп құру, оларды жергілікті бюджет шығыстарын талдау бөліміне ұсыну.

 Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе білім (құқық және экономика негіздері) бейіндері бойынша.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

Келесі құзыреттердің болуы: бастамашылдық, талдаушылық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағыт, тұтынушыға бағыт, жемқорлыққа шыдамдылық.

Сәйкес санатқа әкімшілік мемлекеттік лауазымның бос орнына үміткерлердің тестілеу бағдарламасымен ескерілген Қазақстан Республикасы заңнамасын білуі. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын осы санаттағы нақты лауазымды мамандандыруға сәйкес келетін саладағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін білу.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарға тестілеу бағдарламасындағы «D-О-4» санаты үшін: мемлекеттік тілді білуге, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңдарын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика қағидасын), сондай-ақ бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік деңгейін анықтауға арналған тестілер белгіленеді.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы өтініш; 
  2. осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес 3х4 үлгідегі түрлі-түсті суретпен белгіленген нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
  3. бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
    «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың (келісімдердің) қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
    «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
    Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың (келісімдердің) қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
  4. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  7. құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  8. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  10. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Толық емес құжаттар пакетің ұсыну оның конкурстық комиссиямен қараудан бас тартуға негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі байқауға қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды қолма қол тәртіпте немесе электрондық поштаға жіберу арқылы электрондық түрде ұсына алады, немесе «E-gov» электронды Порталы арқылы немесе «Е-қызмет» біріккен ақпаратық жүйе арқылы құжаттарды қабылдау күндері ұсына алады.

Мемлекеттік орган электрондық поштасына немесе «E-gov» электрондық Үкімет порталы арқылы құжаттарды ұсыну барысында олардың түпнұсқалары әңгімелесуге дейін бір жұмыс күні бұрын ұсынылуы қажет.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» КММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді.

Байқау комиссиясының жұмысының мөлдірлігін және объективтілігін қамтамасыз ету үшін отырысқа қараушылар мен сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 26- тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Байқау қатысушылары және үміткерлер байқау комиссиясы шешімін уәкілетті органда немесе территориялық құрылымда, немесе Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шағымдануы мүмкін.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде (мемлекеттік органның және ҚР мемлекеттік қызмет істері министрлігі СҚО бойынша департаментінің интернет-ресурсында немесе мерзімді баспасөз басылымдарында) қолма-қол, пошта арқылы мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: (150011, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, 614-каб. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» КММ) немесе depfin@sko.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамаларды 8(7152) 46-82-89, факс 8(7152) 46-30-93 телефондары арқылы алуға болады.

Қосымша Doc (71 Kb)

2017 ж. 10.10.

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» КММ 

мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына ішкі конкурс жариялайды:

Білім бөлімінің басшысы (1 бірлік)

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер санаты D-О-3.

Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты 109932,35 теңгеден 148242,11 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

облыстық бюджеттің жетекшілік ететін ұйымдарының міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын бекіту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; мемлекеттік мекемелердің жеке қаржыландыру жоспарларының сомасына жергілікті бюджет бойынша міндеттемелер мен төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарының сәйкестігін қамтамасыз ету; жылдық сомалардың айлар бойынша бөлінуін, қаржыландыру жоспарларын, қаржыландыру жоспарларына бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен енгізілетін өзгерістердің негізділігін талдау және бағалау арқылы күн сайын бюджеттік қаражатты игеру мониторингін жүзеге асыру; өз құзыреті шегінде мемлекеттік, салалық (секторлық) бағдарламалардың іске асырылуына бақылауды жүзеге асыру және ақпарат дайындау; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне есеп қалыптастыру үшін аудан, Петропавл қ. және облыстық жетекшілік етілетін мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындарынан облыс бюджетінің атқарылуы туралы есептердің тоқсан сайын қабылдауды ұйымдастыру және бақылау; облыс бюджетінің жобасы, облыс әкімдігінің, облыстық бюджеттік комиссия және облыстық мәслихат сессиясы отырыстарына облыстық бюджетті нақтылау, түзету және бекіту бойынша материалдар дайындауды ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе білім (құқық және экономика негіздері) бейіндері бойынша.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:

  1. мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, Е-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, Е-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, Е-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

D-О-3 санаты бойынша конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға тиісті санаттар үшін үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санат мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу, мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Ішкі конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар қажет:

  1. белгіленген нысан бойынша өтініш;
  2. тиісті персоналды басқару қызметімен құжатты беру күніне дейін отыз күнтізбелік күннен ерте емес расталған қызметтік тізім.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсыныстар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарын конкурсты жариялаған мемлекеттік органға қолма-қол тәртіпте, пошта бойынша немесе хабарландыруда көрсетілген электронды түрде электрондық почта мекен-жайына не E-gov» электронды Үкімет порталынемесе «е-қызмет» біріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттарды мемлекеттік органның электрондық почтасының мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» біріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда,олардың түпнұсқаларын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағат бұрын кешіктерілмей береді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер Қаржы басқармасында әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап жұмыс күні ішінде өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда көрсетілген Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілі екенін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде («Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» КММ-нің және уәкілетті органның интернет-ресурсында) қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 150000, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, №614 кабинет, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» КММ немесе depfin@sko.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» бірілтірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамаларды 8(7152) 46-82-89, факс 8(7152) 46-30-93 телефондары арқылы алуға болады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Қосымша Doc (37 Kb)

СҚО әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы бас маманы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына (санаты D-О-4) орналасуға жарияланған конкурс жеңiмпаздарының тiзiмi

  1. Ниязбаева Римма Забихулловна бюджеттiк саясат және жоспарлау бөлiмiнiң бас маманы лауазымына;
  2. Нұрсейiтов Жаслан Еламанұлы бiлiм бөлiмiнiң бас маманы лауазымына.

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы конкурстық комиссиясының қорытынды шешiмi (2017 жылғы 02 маусымдағы № 3 хаттама)

СҚО әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы бас мамандарының бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына (санаты D-О-4) орналасуға әңгiмелесуге жiберiлген үмiткерлердiң тiзiмi

  1. Нұрсейiтов Жаслан Еламанұлы
  2. Ниязбаева Римма Забихулловна
  3. Нұсырбаева Гаухар Серiкқызы
  4. Сәрсембин Төлебай Сұлтанқызы
  5. Чернорезова Ирина Владимировна

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы конкурстық комиссиясының шешiмi (2017 жылғы 29 мамырдағы № 1 хаттама)

2017 ж. 16.05.

«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы» КММ

«Б» корпусы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк төменгi лауазымына орналасу үшiн жалпы конкурс жариялайды:

1) Бюджеттiк саясат және жоспарлау бөлiмiнiң бас маманы (1 бiрлiк).

Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер санаты D-О-4

Жалақысының мөлшерi қызмет атқарған жылдарына байланысты 83282,08 теңгеден 112430,81 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi:

Жалпы облыс бойынша бекiтiлген бюджет бойынша желi, штат және контингенттердi жинақтау; бюджет жобасы бойынша материалдар (аналитикалық таблица, есеп-қисап) дайындау; кезектi жоспарлы кезеңге әлеуметтiк-экономикалық болжамды дайындау; бюджеттiк жоспарлау бойынша түсiнiктеме жазбахат жинақтау; салалық бөлiмдердiң ақпараты негiзiнде бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi кесiндiсiндегi бюджеттiк салы қызметкерлерiнiң еңбекақы және штаты саны бойынша жиынтық ақпаратты тоқсан сайын жасау; Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлiгiне салалық бөлiмдердiң ақпараты негiзiнде жалпы сипаттағы трансферттер бойынша тоқсандық жиынтық ақпаратты жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар:

Жоғары: әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттiк және жергiлiктi басқару) немесе бiлiм (құқық және экономика негiздерi) бейiндерi бойынша.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға тиiстi санаттар үшiн үмiткерлердi тестiлеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын бiлу.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымды мамандандыруға сәйкес келетiн саладағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтық актiлерiн; ҚР Бюджет кодексiн, «Құқық қорғау қызметi туралы», «Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы», «Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы» ҚР Заңдарын, Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiн, «Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы» ҚР Үкiметiнiң қаулысын бiлу.

2) Бiлiм бөлiмiнiң бас маманы (1 бiрлiк).

Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер санаты D-О-4

Жалақысының мөлшерi қызмет атқарған жылдарына байланысты 83282,08 теңгеден 112430,81 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi:

мемлекеттiк қызметшiлер болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiнiң және қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерiнiң саны мен еңбекке ақы төлеу қоры бойынша тоқсан сайын деректер жинақтау; кезектi үш жылдық кезеңге бюджет жобасын дайындау; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне есеп қалыптастыру үшiн аудан, Петропавл қ. және облыстық жетекшiлiк етiлетiн мемлекеттiк мекемелер, мемлекеттiк кәсiпорындарынан облыс бюджетiнiң атқарылуы туралы есептердi қабылдау; бiлiм ұйымдарын қаржыландыру жөнiндегi жұмысқа қатысты мәселелер бойынша мемлекеттiк мекемелер мен жеке тұлғалардың хаттарына тұжырымдамалар мен жауаптар дайындау; қаражаттың игерiлмеу себептерiн көрсетiп, бiлiм басқармасы бойынша бюджеттiң атқарылуы туралы ай сайынғы есептi дайындау; желiлiк көрсеткiштермен байланыстыра отырып, ерекшелiк тұрғысындағы бюджеттiк бағдарламалар, кiшi бағдарламалар бойынша бюджеттiк өтiнiмдердi тексеру (бюджеттiк бағдарлама әкiмшiлерiнiң стратегиялық жоспарлары, мемлекеттiк және салалық бағдарламалар, тиiстi кезеңге аумақты дамыту бағдарламасы, сондай-ақ жергiлiктi бюджет қаржысын жұмсаудың басым бағыттары негiзiнде); облыс әкiмдiгiнiң отырысына, облыстық бюджеттiк комиссияға және облыстық бюджет сессиясына облыс бюджетiнiң жобасына, облыстық бюджеттi бекiтуге, түзетуге және нақтылауға материалдар дайындау; бiлiм саласын қаржыландыруға қатысты мәселелер бойынша қажеттi кеңес беру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар:

Жоғары: әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттiк және жергiлiктi басқару) немесе бiлiм (құқық және экономика негiздерi) бейiндерi бойынша.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға тиiстi санаттар үшiн үмiткерлердi тестiлеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын бiлу.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымды мамандандыруға сәйкес келетiн саладағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк-құқықтық актiлерiн; ҚР Бюджет кодексiн, «Бiлiм туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Мемлекеттiк сатып алу туралы», «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы», «Мәдениет туралы» ҚР Заңдарын, Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiн, «Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы» ҚР Үкiметiнiң қаулысын бiлу.

«Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына орналасуға кандидаттарға тестiлеу бағдарламасындағы «D-О-4» санаты үшiн: мемлекеттiк тiлдi бiлуге, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президентi туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы», «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекiтiлген Мемлекеттiк қызметшiлердiң ар-намыс кодексiн (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк этика қағидасын), сондай-ақ бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк деңгейiн анықтауға арналған тестiлер белгiленедi.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу Қағидалары негiзiнде өткiзiледi.

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:

1) белгiленген нысандағы өтiнiш;

2) 3х4 үлгiдегi түрлi түстi суретпен белгiленген нысанда толтырылған «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмi;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшiрмелерiнiң нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушi, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдiк жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген бiлiм туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдiк бiлiм беру ұйымдарында алған бiлiмi туралы құжаттарының көшiрмелерiне бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәлiктерiнiң көшiрмелерi қоса берiледi.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушiлерге берiлген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлiк қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшiрмесi қоса берiледi.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерiне бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшiрмелерi қоса берiледi;

4) еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметiмен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6697 болып тiркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейiн алты айдан аспайтын уақытта берiлген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрiгерлiк кәсiби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

7) құжаттарды тапсыру сәтiнде заңнаманы бiлуiне тестiлеуден өткенi туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

8) конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органда жеке қасиеттерiн бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 27 сәуiрдегi № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тiркелдi) бекiтiлген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейiн бiр жылдан аспайтын уақытта берiлген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 27 сәуiрдегi № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тiркелдi) бекiтiлген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейiн бiр жылдан аспайтын уақытта берiлген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi). Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн ұсынуға рұқсат етiледi.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) құжаттардың көшiрмелерiн түпнұсқалармен салыстырып тексередi.

Егер азамат еңбек қызметiн жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтiлi талап етiлмейтiн жағдайда еңбек қызметiн растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етiлмейдi.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурс комиссиясының материалдары, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылардың құжаттары, сондай-ақ конкурстық iрiктеуден өтпеген тұлғалардың қызметтiк тiзiмi, өтiнiш және құжаттары персоналды басқару қызметiнде (кадр қызметiнде) сақталады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр күн бұрын кешiктерiлмей бередi. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгiмелесуден өтуге жiберiлмейдi.

Әңгiмелесуге жiберiлген үмiткерлер одан мемлекеттiк органда әңгiмелесуге жiберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде өтедi. Әңгiмелесу өткiзу кезiнде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол берiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлғалар әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) тiркеледi. Тiркелу үшiн тұлғалар персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн, Қағидаларының 26- тармағында көрсетiлген ұйымдарға тиесiлiлiгiн растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшiрмелерiн ұсынады.

Конкурсқа қатысуға қажеттi құжаттар жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күнi iшiнде («СҚО әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы» КММ және мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның интернет-ресурсында) қолма-қол, пошта арқылы мына мекенжайға ұсынылуы тиiс: 150011, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 58, 614-каб. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы» КММ немесе depfin@sko.kz электрондық пошта арқылы, немесе «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде. Анықтамаларды 8 (7152) 46-82-89, факс 8(7152) 46-30-93 арқылы алуға болады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Қосымша Zip (20 Kb)

СҚО әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы кiрiстер бөлiмiнiң бас маманы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына (санаты D-О-4) орналасуға конкурстан өткен жеңiмпаз

Дасымов Арман Абайұлы

Солтүстiк Қазақстан облысының қаржы басқармасы конкурстық комиссиясының шешiмi (2017 жылғы 27 қаңтардағы №3 хаттама)

СҚО әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы бас мамандарының бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына (санаты D-О-4) орналасуға әңгiмелесуге жiберiлген үмiткерлердiң тiзiмi

  1. Валеев Бауыржан Қалымжанұлы
  2. Валеев Бағлан Өмiрбайұлы
  3. Дасымов Арман Абайұлы
  4. Шайкенов Азамат Олжабайұлы
  5. Нұртазина Айгүл Қайырболатқызы

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы конкурстық комиссиясының шешiмi (2017 жылғы 25 қаңтардағы № 1 хаттама)

2017 ж. 13.01

«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы» КММ

«Б» корпусы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк төменгi лауазымына орналасу үшiн жалпы конкурс жариялайды:

1. Кiрiстер бөлiмiнiң бас маманы (1 бiрлiк).

Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер санаты D-О-4

Жалақысының мөлшерi қызмет атқарған жылдарына байланысты 83282,08 теңгеден 112430,81 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi:

облыстық бюджетке түсiмдердi болжамдауға қатысу; Солтүстiк Қазақстан облысы статистика департаментiнiң деректерiне сәйкес жалпы облыс бойынша, соның iшiнде аудандар мен салалар бойынша қызметкерлердiң орташа жалақыға, еңбекақы қорына және санына талдау жасау; Экономика басқармасына ұсыну үшiн аудандар (қала) кесiмiнде бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң атқарылуына талдау жасау; Экономика басқармасына ұсыну үшiн нақты түсiмдердi талдау; Экономика басқармасына ұсыну үшiн салықтар кесiмiнде жергiлiктi бюджетке бересiнiң көрсетумен жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы қысқа анықтама дайындау; Экономика басқармасына бюджеттiң кiрiс бөлiгi бойынша облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуын сипаттайтын көрсеткiштердi ұсыну.

2. Коммуналдық меншiк бөлiмiнiң бас маманы (1 бiрлiк).

Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер санаты D-О-4

Жалақысының мөлшерi қызмет атқарған жылдарына байланысты 83282,08 теңгеден 112430,81 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi:

мүлiктiк жалға (жалға алуға) беру шарттарын, мүлiктiк жалға (жалға алуға) шарттарына өзгерiстер мен толықтыруларды ресiмдеу; коммуналдық меншiк бөлiмiнiң құзыретiндегi мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн (хаттарын, өтiнiштерiн және сұрауларын) уақытында қарауды қамтамасыз ету; коммуналдық меншiк бөлiмiнiң құзыретiндегi мәселелер бойынша басқарма бұйрықтарын дайындау; жалдаушыларға салыстыру актiлерi мен таратып жазуларды дайындау; мүлiктi сатып алу-сату, мүлiктiк жалға (жалдауға) беру, сенiмгерлiк басқаруға беру шарттарын журналға тiркеу; облыстық коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беру бойынша жұмысты ұйымдастыру; мүлiктi сатып алу-сату, сенiмгерлiк басқаруға беру шарттарын ресiмдеу; облыстық коммуналдық меншiктiң жекешелендiруге жататын объектiлерi бойынша сату алды даярлық жүргiзу (қажеттi құжаттарды жинақтау, iстердi қалыптастыру, бағалауға хаттар дайындау); ақпараттық хабарландыруларды дайындау; тендерлiк комиссияның қарауына объектiлер бойынша ақпарат дайындау; облыстық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындары, АҚ, ЖШС қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы тоқсандық және жылдық есептерiн қабылдау және тексерудi жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар:

Жоғары: әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттiк және жергiлiктi басқару) немесе бiлiм (құқық және экономика негiздерi) бейiндерi бойынша.

мынадай құзыреттiлiктiң бар болуы. бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға тиiстi санаттар үшiн үмiткерлердi тестiлеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын бiлу.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымды мамандандыруға сәйкес келетiн саладағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiн; ҚР Бюджет кодексiн, «ҚР азаматтардың денсаулығын сақтау туралы», «Мемлекеттiк атаулы көмек туралы» ҚР заңдарын, «Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiн» бiлу.

осы санаттағы нақты лауазымды мамандандыру: ҚР Бюджет кодексiн, ҚР Салық кодексiн, ҚР Экологиялық кодексiн, «Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы» ҚР Заңын, Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелерге арналған бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiн бiлу.

«Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына орналасуға кандидаттарға тестiлеу бағдарламасындағы «D-О-4» санаты үшiн: мемлекеттiк тiлдi бiлуге, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы», «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге және бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк деңгейiн анықтауға арналған тестiлер белгiленедi.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi министрiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу Қағидалары негiзiнде өткiзiледi.

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:

  1. белгiленген нысандағы өтiнiш;
  2. 3х4 үлгiдегi суретпен белгiленген нысанда толтырылған сауалнама;
  3. бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
  4. еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тiркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
  6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
  7. құжаттарды тапсыру сәтiнде заңнаманы бiлуiне тестiлеуден өткенi туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);
  8. конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органда жеке қасиеттерiн бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi).

Осы Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн ұсынуға рұқсат етiледi. Бұл ретте, персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) құжаттардың көшiрмелерiн түпнұсқалармен салыстырып тексередi. Егер азамат еңбек қызметiн жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтiлi талап етiлмейтiн жағдайларда еңбек қызметiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн ұсыну талап етiлмейдi.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр күн бұрын кешiктерiлмей бередi. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгiмелесуден өтуге жiберiлмейдi.

Әңгiмелесуге жiберiлген үмiткерлер одан мемлекеттiк органда әңгiмелесуге жiберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде өтедi. Әңгiмелесу өткiзу кезiнде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол берiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлғалар әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) тiркеледi. Тiркелу үшiн тұлғалар персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн, Қағидаларының 30-тармағында көрсетiлген ұйымдарға тиесiлiлiгiн растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшiрмелерiн ұсынады.

Конкурсқа қатысуға қажеттi құжаттар жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күнi iшiнде («СҚО әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы» КММ және мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның интернет-ресурсында) қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиiс: (150011, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 58, 614-каб. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы» КММ) немесе (depfin@sko.kz электрондық пошта арқылы, немесе «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде. Анықтамаларды 8 (7152) 46-82-89, факс 8(7152) 46-30-93 арқылы алуға болады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Мұрағат 2016 ж. Zip (48 Kb)

Мұрағат 2015 ж. Zip (21 Kb)

16.10.2017 12:40

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімМЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІК ТІЗІЛІМІ«Рухани жаңғыру» бағдарламасы
Яндекс.Метрика