Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

«Рухани жаңғыру» зерттеу бойынша iс-шаралардың әзiрленген жоспарына сәйкес кезектi дөңгелек үстелдiң тақырыбы:
1. Прагматизм
2. Ұлттық бiрегейлiктi сақтау

23.08.2017

Мемлекет басшысы өзiнiң «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында, қанымызға сiңген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды өзгертпейiнше, бiздiң толыққанды жаңғыруымыз мүмкiн емес екендiгiн, осымен қатар, маңызды бағыт — прагматизмдi атап өттi. Өткен кезеңдердегi апаттар, соның iшiнде экологиялық апаттар орасан зор зиян келтiрдi, оның кесiрiн барынша бағалау мүмкiн емес. Сондықтан да, Ел басы ұтымды, нақты мақсаттарға қол жеткiзуге ұмтыла өмiр сүру — жүрiс-тұрыстағы прагматизм, және заманауи әлемдегi бiрден-бiр табысты үлгi екендiгiн атап өттi. Осымен қатар, ұлттық бiрдейлiктi сақтау — басты мақсаттардың бiрi. Президент ұлттық дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, әдебиет әрқашан да халықпен қалу қажет екендiгiн айтып өттi. Өз өлкеңнiң тарихын бiлу және мақтан тұту — қажеттi және пайдалы iс. Алайда, бiрiңғай және ұлы ұлтқа тәндiктi ұмытуға болмайды.

«Ұлттық бiрегейлiктi сақтау» мақалалық тарауды орындау үшiн өңiрiмiзде «Рухани қазына» кiшi бағдарламасы әзiрлендi. «Рухани қазына» кiшi бағдарламаның негiзгi мақсаты — тарихи-мәдени мұрағатты және елде мен шетелде Қазақстанның заманауи мәдениетiнiң үздiк жетiстiктерiн сақтау, дамыту, көпшiлiкке тарату болып табылады.

«Қазақстанның салттық географиясы» арнайы жобасы аясында тарих, археология, өлкетану, мәдениет ардагерлерi саласында мамандардың қатысуымен Жұмыс тобы құрылды.

Облыста «Жұмағы жердiң Қызылжар» атты Солтүстiк Қазақстан облысының ақын-композиторлар әндерiнiң облыстық конкурсы өткiзiлдi. Бiздiң жерлестерiмiз ақын-композиторлар Мағжан Жұмабаев, Кәкiмбек Салықов, Ермек Серкебаев, Жоламан Тұрсынбаев және т.б. әндерi орындалды. Конкурсқа 13 ауданның және Петропавл қ. өкiлдерi қатысты.

Суреттердi, кiтаптарды, тарихи құжаттарды, материалдық мәдениеттiң заттарын ерiктi түрде беру бойынша «Мұражайға сыйлық сыйла», «Кiтапханаға кiтапты сыйла» қайырымдылық акциялар жарияланды, бұл мұражайлар мен кiтапханалардың қорын ұлғайтуға мүмкiндiк бередi. Облыстың кiтапханаларына 30 дана кiтап берiлдi, мұражайлық қорлары 100 экспонатпен толтырылды.

4 тамызда қоғамдық және мемлекеттiк қайраткерi Б.Ә. Әшiмовтың ескерткiш-мүсiнi ашылды.

Сонымен бiрге осы жобалар аясында Петропавл қаласының 265-жылдығына арналған «Ескi қаланың елестерi» атты тарихи орамы қалпына келтiрiлдi. «Шуховские чтения Традиции живая нить» өткiзiлдi.

Радикалды идеологиялар ғасыры келмеске кеттi. Ендi айқын, түсiнiктi және болашаққа жiтi көз тiккен бағдарлар керек. Адамның да, тұтас ұлттың да нақты мақсатқа жетуiн көздейтiн осындай бағдарлар ғана дамудың көгiне темiрқазық бола алады. Реализм және прагматизм — алдағы он жылдықтың ұраны.

«Рухани жаңғыру» зерттеу бойынша iс-шаралардың әзiрленген жоспарына сәйкес кезектi дөңгелек үстелдiң тақырыбы: 1. Прагматизм 2. Ұлттық бiрегейлiктi сақтау«Рухани жаңғыру» зерттеу бойынша iс-шаралардың әзiрленген жоспарына сәйкес кезектi дөңгелек үстелдiң тақырыбы: 1. Прагматизм 2. Ұлттық бiрегейлiктi сақтау

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімМЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІК ТІЗІЛІМІ«Рухани жаңғыру» бағдарламасы
Яндекс.Метрика