Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

Бәсекеге қабiлеттiлiк

11.08.2017

Қаржы басқармасының ұжымы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қарастыруды жалғастырды. Бүгiнгi күннiң тақырыбы «Бәсекеге қабiлеттiлiк».

Қазақстан, бүгiнгi таңдағы кез келген мемлекет сыңайлы жаңа шындыққа сай келедi. Әлемдiк тенденциялар әлемтануды өзгертуде. Жаңару мiндетi бүгiнгi таңда әлемнiң барлық елдерiнiң алдында тұр. Қиын кезең. Дәуiрлер алмасуы десе де болады, Қазақстан үшiн де мүлдем жаңа даму деңгейiне шығудың тарихи мүмкiндiгi туындап тұр.

Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан:

Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелiк қабiлетiмен айқындалады. Сондықтан, әрбiр қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХI ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлiк сауаттылық, шет тiлдерiн бiлу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркiмнiң алға басуына сөзсiз қажеттi алғышарттардың санатында. Таяудағы он жылда бiздiң өмiр салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсiлдерi, қысқасы, барлығы түбегейлi өзгередi. «Өзiмдiкi ғана таңсық, өзгенiкi — қаңсық» деп керi тартпай, ашық болу, басқалардың ең озық жетiстiктерiн қабылдай бiлу, бұл — табыстың кiлтi, әрi ашық зерденiң басты көрсеткiштерiнiң бiрi.

Егер қазақстандықтар жер жүзiне үйден шықпай, терезеден телмiрiп отырып баға беретiн болса, әлемде, құрлықта, тiптi iргедегi елдерде қандай дауыл соғып жатқанын көре алмайды.

Қазақстандағы екiншi жекешелендiрудiң табысты болуының басты шарты — мүлiктi бағалаудан бастап әлеуметтiк маңызды объектiлердi пайдалану мiндеттерiне дейiн барлық дерлiк рәсiмдердiң ашықтығы болып табылады. Онсыз қалғандарының мәнi де жоқ. Жекешелендiрудiң негiзгi мақсаты — мемлекеттiк мүлiктi әдiл, бәскелес күреспен тиiмдi бизнесмендерге беру екенi анық. Iс дұрыс жүргiзiлген кезде бiрден екi маңызды мiндет шешiледi — әлеуеттi пайдалы мемлекеттiк кәсiпорындарды жекешелендiру ұлттық экономиканың тиiмдiлiгiн арттыруға алып келедi. Бұл — болашақ iсi. Ал бiрден көзге көрiнетiн нәтиже — мемлекеттiк бюджет шығынды кәсiпорындарға субсидиялар беру жүктемесiнен босатылады, оған қоса салық салынатын база кеңейедi, нақты ақшаға да қол жеткiзiледi.

Жекешелендiру объектiлерiнiң құнын бағалаудан бастаймыз — кәсiпорынның старттық бағасына мiндеттi түрде мемлекеттiң барлық шығындары енгiзiледi, нарық жағдайы да ескерiледi. Бұл — старттық баға. Сауда-саттықта ашықтық пен әдiлдiк сақталған жағдайда мемлекеттiк мүлiк нарықтың нақты бағасы бойынша сатылады.

Бұдан әрi, егер объект әлеуметтiк маңызды емес, оның бағасы ғана маңызды болса, онда ол аукцион арқылы, «кiм жоғары ұсынады» қағидаты бойынша сатылады. Алайда, көптеген адамдарды әлеуметтiк маңызы бар объектiлер жекешелендiрiлгеннен кейiн қандай күйге түсетiнi алаңдатады. Бiрiншi жекешелендiру барысында байсымақтардың элиталық үйлерiне айналған балабақшалардың жай-күйi әлi есiмiзде. Сол сияқты ауылдық жерлердегi түбегейлi қарама-қайшылық жағдайға түскен мәдениет объектiлерiн де бiлемiз. Маңызды әлеуметтiк қызметтердi жүзеге асыратын, жекешелендiрiлетiн объектiлер үшiн кемiнде 5 жыл шарт белгiленедi. Қазiргi кезде қолданыста жүрген электрондық сауда-саттық та сол шарттардың нақты орындалуын қадағалауға мүмкiндiк бередi. Осы жерде туындайтын орынды сұрақ– жаңа иелердiң шарттарды орындауын кiм қадағалайды? Коммуналдық меншiк үшiн әкiмдiктер жауап бередi. Шарт бойынша мiндеттерiн орындалмаған жағдайда ақырғы жағдай туындауы– келiсiмшарттың жойылуы да мүмкiн. Кейiн, ең дұрысы, едәуiр жауапты меншiк иесi iздестiрiледi.

Ақордада өткен кеңейтiлген отырыста Ұлт көшбасшысы екiншi жекешелендiру рәсiмiнiң шынайылығы мен ашықтығы мәселесiне ерекше назар аударды. Сауда-саттықтың электрондық нысанының артықшылығы да сол ашықтық болып табылады. Мұндай нұсқада сатушы мен ықтимал сатып алушының жеке қарым-қатынастарына жол берiлмейдi, ол автоматты түрде жемқорлық мүмкiндiгiн жояды. Ақыр соңында, объектiлердiң меншiк нысанына (республикалық, коммуналдық, квазимемлекеттiк) қарамастан, олар бiрыңғай алаң www.gosreestr.kz. веб-порталы арқылы сатылатын болады. Қорыта айтқанда, өзiндiк және әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, науқан басталмас бұрын астыртын айла-амалдардың ықтимал саңылауларын барынша қарастырып, оларды заңнамалық түрде «бiтеу» қажет. Осы тақырыпта Джон Голсуорсидiң айтқаны бар: «Әдiлдiк дегенiмiз — бұл оған бастапқы старт берiлгеннен кейiн өздiгiнен жүретiн машина».

Заманауи әлемде мемлекет табысы алдымен адами капиталмен айқындалады және Президенттiң мемлекетiмiздiң бас көтеруiндегi басты рөлдi атқарған ұлттық прагматизмнiң тарихи фактiлерiне жүгiнгенi негiздi деп ойлаймыз.

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімМЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІК ТІЗІЛІМІ«Рухани жаңғыру» бағдарламасы
Яндекс.Метрика