Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

2017 ж. 22.08 электрондық тендер өтеді

07.08.2017

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы электрондық тендер түрінде Солтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру жүргізілетіні туралы хабарлайды.

Жекешелендіру объектісін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына (бұдан әрі — Қағида) сәйкес жүзеге асырылады.

Электрондық тендер 2017 жылғы 22 тамызда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10.00-де www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің (бұдан әрі — тізілім) веб-порталында өтеді.

Электрондық тендерге мына облыстық комуналдық меншік объектілері шығарылады:

  1. Петропавл қаласындағы «Кирпичный» кентінің электро желілеріне қосылу және электрмен жабдықтауды салу, бастапқы құны 229 326 483 теңге, старттық құны 114 663 242 теңге, кепілдік жарна 34 398 973 теңге;
  2. Петропавл қаласы Набережная-Рижская-Айыртауская көшесі бойында балабақшаны салу (сыртқы инженерлік желілер), бастапқы құны 20 532 799 теңге, старттық құны — 2 566 600 теңге, кепілдік жарнасы 3 079 920 теңге.
  3. «Торговый дом Богатырский Продукт «Север» ЖШС диірмен цехына сыртқы инженерлік желілерді салу (жылумен жабдықтау желілері), бастапқы құны 10 154 631 теңге, старттық құны 317 333 теңге, кепілдік жарна 1 523 195 теңге;
  4. Петропавл қаласы Әуезов көшесі бойында таратушы қосалқы станциясын салу — 10/0,4 кВ, бастапқы құны 231 965 816 теңге, старттық құны — 7 248 932 теңге, кепілдік жарнасы 34 794 873 теңге

Тендер өткізудің шарттары:

  1. қызмет бейінін 10 жыл ішінде сақтап қалу;
  2. сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 10 жыл ішінде облыстың коммуналдық меншігіне басқару жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша мәмілелер жасау (қайта сату, кепілген, басқаруға беру)

Электрондық тендерге қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:

  1. жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі — ЖСН), тегі, аты, әкесінің атын (бар болса);
  2. заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі — БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
  3. кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;
  4. байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail);
  5. ұлттық куәландырушы орталықпен берілген ЭСҚ әрекет ету мерзімі.

Электрондық тендерға шығарылады:

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. Сауда-саттық қатысушыларын тіркеу осы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және осы ақпараттық хабарламаның 1-бөлімінде көрсетілген тендерге қатысуға берілген өтінімдерді ашу уақытына дейін екі сағат қалғанда аяқталады.

Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ-мен қол қойылған осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тендерге қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында мына электрондық құжаттарды қоса беріп, тіркеу қажет:

  1. тендерге қатысушы қол қойған, тізілімнің арнайы бөлінген веб-парақшасында электрондық конвертке жүктелетін баға ұсынысының;
  2. осы хабарламада көрсетілген қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын қосымша талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды. Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мәліметтердің тізілімнің дерекқорында болуына автоматты түрде тексеру жүргізеді.

Тізілімнің дерекқорында бірыңғай сатушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдау және қатысушыны тендерге жіберуді жүзеге асырады. Тізілімнің дерекқорында сатушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәлімет болмаған жағдайда, тізілім веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады. Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. Кепілдік жарнану аударуға арналған деректемелер: IBAN KZ529261501102032004; БСК: KZKOKZKX; Банктің атауы: «КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ; СТК: 171; Бек: 16; Төлемді алушы: «АҚПАРАТТЫҚ-ЕСЕПТЕУ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ; БСН: 050540004455.

Анықтамалар үшін мына мекенжайларға жүгінуге болады: Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы, Қазақстан Конституцисы көшесі, 58-үй, 7-қабат, № 727 кабинет. Электрондық тендерді өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтында көруге болады немесе (8-7152) 46-96-01 телефоны бойынша алуға болады.

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімМЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІК ТІЗІЛІМІ«Рухани жаңғыру» бағдарламасы
Яндекс.Метрика