Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

2017 ж. 22.08 электрондық аукцион өтеді

07.08.2017

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы коммуналдық меншіктің жекешелендіру объектілерін сату бойынша электрондық аукцион өтетіні туралы хабарлайды.

Жекешелендіру объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына (бұдан әрі — Қағида) сәйкес жүзеге асырылады.

Электрондық аукцион 2017 жылғы 22 тамызда Астана қаласының уақытымен сағат 10.00-де www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің (бұдан әрі — тізілім) веб-порталында өтеді.

Электрондық аукционға баға көтеруге мына облыстық коммуналдық меншік объектілері шығарылсын.

  1. Тіркеу номері 064АР15 қозғалтқыш № ХТА21070082654936 қорап № ХТА21070082654936 болатын 2007 жылы шығарылған ВАЗ 21070 автомобилі түсі ақ жасыл, 2016 жылғы 01 қарашадағы ТQ № 00002791 көлік құралын тіркеу туралы куәлік, бастапқы құны — 408000 теңге, старттық құны — 408000 теңге, кепілдік жарнасы — 61200 теңге.
  2. 2009 жылы туған «Ласточка» қара бие, түгендеу номері 238304000012, бастапқы құны — 252000 теңге, старттық құны — 252000 теңге, кепілдік жарна — 37800 теңге.
  3. 1996 жылы туған «Рыжко» жирен айғыр, түгендеу номері 238304000003, бастапқы құны — 168000 теңге, старттық құны — 168000 теңге, кепілдік жарна — 25200 теңге;
  4. 2001 жылы туған «Родар» торы айғыр, түгендеу номері 238304000008, бастапқы құны — 196000 теңге, старттық құны — 196000 теңге, кепілдік жарна — 29400 теңге;
  5. 1996 жылы туған «Кузя» торы айғыр, түгендеу номері 238304000004, бастапқы құны — 168000 теңге, старттық құны — 168000 теңге, кепілдік жарна — 25200 теңге.

Электрондық аукцион қатысушыларын тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және электрондық аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.

Кепілдік жарна бірыңғай оператор деректеріне енгізіледі: алушы: «АҚПАРАТТЫҚ-ЕСЕПТЕУ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ; БСН: 050540004455, ЖСК: KZ529261501102032004; БСК KZKOKZKX Банктің атауы: «КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ; СТК: 171; Бек: 16; Төлемді тағайындау: Аукционға қатысу үшін кепілдік жарна (кепілдік жарна мөлшеріне банктік қызметтер төлемі кірмейді).

Кепілдік жарна мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың (бұдан әрі — бірыңғай оператор) деректемелеріне хабарламада белгіленген нысанда және тәртіппен, және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізіледі. Кепілдік жарнаны қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға енгізеді.

Назар аударыңыз! Қатысушының осы хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Қатысушыларға кепiлдiк жарнаның кез келген санын енгiзуге жол беріледі, бұл ретте бір кепілдік жарна қатысушыға ол бойынша сауда-саттыққа қатысу үшін осы кепілдік жарнаны енгізген жекешелендіру объектісін сатып алу құқығын береді.

Электрондық аукционға қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет: 

  1. жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі — ЖСН), тегі, аты, әкесінің атын (бар болса);
  2. заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі — БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
  3. кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;
  4. байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail);

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ-мен қол қойылған осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттыққа қатысуға өтінімді (бұдан әрі — өтінім) тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет. Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мәліметтердің тізілімнің дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізеді. Тізілімнің дерекқорында бірыңғай опертордың арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдау және қатысушыны аукционға жіберуді жүзеге асырады. Тізілімнің дерекқорында бірыңғай опертордың арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәлімет болмаған жағдайда, тізілім веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады. Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.

Аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстырып тексеру үшін мынадай құжаттардың:

  1. жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың;
  2. заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың; заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының

Құжаттардың түпнұсқалары салыстырылып тексерілгеннен кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.

Шетелдік заңды тұлғалар қазақ және/немесе орыс тілдерінде нотариат куәландырған аудармасы бар құрылтай құжаттарының нотариат растаған көшірмелерін ұсынады. Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады.

Бағаны көтеруге электрондық аукцион өткізу ережесі:

  1. егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі осы Қағиданың 46-тармағына сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады;
  2. егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірі осы Қағиданың 46-тармағына сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растайтын болса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға артады;
  3. егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі жекешелендіру объектісінің ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады.

Жекешелендіру объектісі бойынша бағаны көтеру аукционы қатысушылардың бірі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі. Жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы бағаны арттырудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру объектісі бойынша бағаны көтеру аукционы өткізілген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға көтеруді кемінде екі қатысушы жүзеге асырады. Әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ пайдалана отырып, сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды. Аукцион нәтижелерi туралы хаттама аукцион нәтижелердің және жеңімпаздың және сатушының міндеттемелерінің нәтижесі болып табылатын сату бағасы бойынша жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін тiркейтiн құжат болып табылады.

Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде мына мекенжай бойынша қол қойылады: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституцисы көшесі, 58-үй, 7-қабат, № 722 кабинет.

Аукционды өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтында көруге болады немесе (8-7152) 46-96-01 телефоны бойынша алуға болады.

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімМЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІК ТІЗІЛІМІ«Рухани жаңғыру» бағдарламасы
Яндекс.Метрика