Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

2017 ж. 11.07 электрондық тендер өтедi

30.06.2017

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы электрондық тендер түрiнде Солтүстiк Қазақстан облысының коммуналдық меншiк объектiлерiн жекешелендiру жүргiзiлетiнi туралы хабарлайды.

Жекешелендiру объектiсiн сату Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекiтiлген Жекешелендiру объектiлерiн сату қағидасына (бұдан әрi — Қағида) сәйкес жүзеге асырылады.

Электрондық тендер 2017 жылғы 11 шiлдедегi Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10.00-де www.gosreestr.kz мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiнiң (бұдан әрi — тiзiлiм) веб-порталында өтедi.

Электрондық тендерге мына облыстық комуналдық меншiк объектiлерi шығарылады:

  1. «Торговый дом Богатырский Продукт «Север» ЖШС диiрмен цехына сыртқы инженерлiк желiлердi салу (жылумен жабдықтау желiлерi), бастапқы құны 10154631 теңге, старттық құны 634665 теңге, кепiлдiк жарна 1523195 теңге;
  2. Петропавл қаласы Әуезов көшесi бойында таратушы қосалқы станциясын салу — 10/0,4 кВ, бастапқы құны 231965816 теңге, старттық құны — 14497864 теңге, кепiлдiк жарнасы 34794873 теңге.

Тендер өткiзудiң шарттары:

  1. қызмет бейiнiн 10 жыл iшiнде сақтап қалу;
  2. сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 10 жыл iшiнде облыстың коммуналдық меншiгiне басқару жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша мәмiлелер жасау (қайта сату, кепiлген, басқаруға беру)

Электрондық тендерге қатысу үшiн мыналарды көрсете отырып, тiзiлiмнiң веб-порталында алдын ала тiркелу қажет:

  1. жеке тұлғалар үшiн: жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрi — ЖСН), тегi, аты, әкесiнiң атын (бар болса);
  2. заңды тұлғалар үшiн: бизнес сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрi — БСН), толық атауы, бiрiншi басшының тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса);
  3. кепiлдiк жарнаны қайтару үшiн екiншi деңгейдегi банктегi есеп айырысу шотының деректемелерi;
  4. байланыс деректерi (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail);
  5. Ұлттық куәландырушы орталықпен берiлген ЭСҚ әрекет ету мерзiмi.

Электрондық тендерға шығарылады:

1. «Ат спорты түрлерiнен облыстық балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебi» коммуналдық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны, бастапқы құны 10666880 теңге, старттық құны 2666720 теңге, кепiлдiк жарнасы 1600032 теңге.

Тендер өткiзудiң шарттары — қызмет бейiнiн 10 жыл iшiнде сақтау.

Жоғарыда көрсетiлген деректер өзгерген кезде қатысушы бiр жұмыс күнi iшiнде тiзiлiмнiң веб-порталына енгiзiлген деректердi өзгертедi. Сауда-саттық қатысушыларын тiркеу осы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргiзiледi және осы ақпараттық хабарламаның 1-бөлiмiнде көрсетiлген тендерге қатысуға берiлген өтiнiмдердi ашу уақытына дейiн екi сағат қалғанда аяқталады. Аукционға қатысушы ретiнде тiркелу үшiн қатысушының ЭЦҚ-мен қол қойылған осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттыққа қатысуға өтiнiмдi тiзiлiмнiң веб-порталында тiркеу қажет. Тендерге қатысушылар: 

  1. тендерге қатысушы қол қойған, тiзiлiмнiң арнайы бөлiнген веб-парақшасында электрондық конвертке жүктелетiн баға ұсынысының;
  2. сауда-саттықты өткiзу туралы хабарламада көрсетiлген қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын қосымша талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшiрмелерiн қоса бере отырып, сауда-саттық шартымен келiсудi қамтитын өтiнiмдi тiркейдi.

Тiзiлiмнiң дерекқорында бiрыңғай сатушының шотына кепiлдi жарнаның түскенi туралы мәлiметтер болған жағдайда, тiзiлiмнiң веб-порталы өтiнiмдi қабылдау және қатысушыны тендерге жiберудi жүзеге асырады. Тiзiлiмнiң дерекқорында сатушының шотына кепiлдi жарнаның түскенi туралы мәлiмет болмаған жағдайда, тiзiлiм веб-порталы қатысушының өтiнiмiн керi қайтарады.Тiзiлiмнiң веб-порталы автоматты тексеру нәтижелерi бойынша тiзiлiмнiң веб-порталында көрсетiлген қатысушының электрондық мекенжайына өтiнiмдi қабылдау не өтiнiмдi қабылдаудан бас тарту себептерi туралы электрондық хабарлама жiбередi. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексерiлгеннен кейiн бiр жұмыс сағаты iшiнде қайтарылады. Кепiлдiк жарнану аударуға арналған деректемелер: IBAN KZ529261501102032004; БСК: KZKOKZKX; Банктiң атауы: «КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ; СТК: 171; Бек: 16; Төлемдi алушы: «АҚПАРАТТЫҚ-ЕСЕПТЕУ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ; БСН: 050540004455.

Анықтамалар үшiн мына мекенжайларға жүгiнуге болады: Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қаласы, Қазақстан Конституцисы көшесi, 58-үй, 7-қабат, № 722 кабинет.

Электрондық тендердi өткiзу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтында көруге болады немесе (8-7152) 46-96-01 телефоны бойынша алуға болады.

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімМЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІК ТІЗІЛІМІ«Рухани жаңғыру» бағдарламасы
Яндекс.Метрика